«Қайсар» ресейлік қорғаушымен келісім-шартқа отырды

16.07.2021, 17:21
Қорғаушы былтыр «Тараздың» намысын қорғаған еді.
«Қайсар» ресейлік қорғаушымен келісім-шартқа отырды

Ресейлік қорғаушы Михаил Мищенко маусым соңына дейін "Қайсар" клубының намысын қорғайды.

32 жастағы қорғаушы мансабының басым бөлігін Ресейде өткізген. Атап айтсақ, "Рубин", "Терек", "Алания", "Торпедо", "Тосно", "Сибирь", "Тамбов", латвиялық "Венстлипс", белоруссиялық "Торпедо Белаз" секілді клубтарда доп тепкен. Михаил өткен маусымда "Тараздың" намысын қорғаған. Қорғаушы алаңда 24 нөмірлі жейдемен өнер көрсететін болады.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×