«Қайсар» сапына украиналық футболшы қосылды

18.02.2021, 04:02
«Қайсар» алдағы уақытта алты жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр.
«Қайсар» сапына украиналық футболшы қосылды

Украииналық футболшы Игорь Кошман "Қайсардың" оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды.

26 жастағы жартылай қорғаушы "Таврия", "Металлург Донецк", "Металист", "Целе", "Гелиос", "Самтредиа", "Кремень", "Шевардени-1906", "Львов" сынды командаларда доп тепкен. Игорь "Қайсардың" алдағы жолдастық кездесулеріне қатысып, мүмкіндігін сынап көрмек.

Күні кеше Францияның ең беделді клубының біріне айналған "Лионның" түлегі Усман Н'Дойе "Қайсар" сапына қаралымға келген болатын.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×