«Қайсар» сапында «Лион» клубының түлегі жаттығып жүр

16.02.2021, 15:20
Футболшы мансабының көп бөлігін Түркияда өткізген.
«Қайсар» сапында «Лион» клубының түлегі жаттығып жүр

Францияның ең беделді клубтарының біріне айналған "Лионның" түлегі Усман Н'Дойе "Қайсардың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды.

29 жастағы қорғаушы Еуропаның белді клубтарында доп тепкен. Франциялық "Арль Авиньон", түркиялық "Геечлербірлігі", "Самсунспор", "Анкараспор" және Молдованың бірнеше дүркін жеңімпазы "Шериф" командасының намысын қорғаған. Орталық қорғаушы жиын барысында бапкерлер көңілінен шығудың орайын тауып көрмек.

Қызылордалық клуб бұған дейін қаралымда жүрген Линас Климавичус және Грейф Клейтонмен қош айтысқан еді.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×