«Қайсар» шабуылшысы румыниялық клубқа ауысты

04.01.2022, 19:10
Ол өткен маусымда қызылордалық клубтың үздік сұрмергені атанған еді.
«Қайсар» шабуылшысы румыниялық клубқа ауысты

29 жастағы литвалық шабуылшы Каролис Лаукжемис еркін агент ретінде румыниялық «УТА-Арад» командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Еске сала кетейік, Лаукжемис «Қайсар» сапында өткен жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетті. Ол «қасқырлар» сапында 31 матч өткізіп, 9 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

«УТА-Арад» клубы Румынияның жоғарғы дивизионында өнер көрсетеді. 21-турдан кейін команда 9-шы орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×