«Қайсар» ұпай жоғалтты

28.09.2020, 20:46
«Қайсар» ұпай жоғалтты

Петропавлдық "Қызыл-Жар" Премьер-лиганың 11-турында Қызылордалық "Қайсармен" тең ойнады. Сегізбаев атындағы стадионда өткен кездесу 0-0 есебімен аяқталды.

Бұл матчта жанкүйерлер үш голдың куәсі болған еді. Бірақ төреші ешқайсысын да есепке алған жоқ. Сондай-ақ кездесуде 4 сары қағаз және 1 қызыл қағаз көрсетілді. 64-минутта Асхат Тағыберген алаңнан қуылды.

Бір ұпайды қанжығасына байлаған "Қызыл-Жар" 8 ұпаймен тоғызыншы орында тұр. Ал "Қайсар" болса 15 ұпаймен алтыншы орында қалды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×