«Қайсар» ұятқа қалды

30.07.2020, 06:43
Еуропа лигасына қатысқалы отырған клубымыз 1-лига клубына жеңілді. Масқара!

Шымкент қаласында өткен бұл жолдастық кездесуге Қызылорда қаласының бас командасы негізгі құраммен шықты. Милиондаған жалақы алатын легионерлер де түгелімен алаңда болды. Алайда "Академия Оңтүстік" командасының жастары аспанда қалықтап жүрген жұлдыздарды жерге түсірді. Айып добы кезінде Рауль Джалилов Марсель Исламқұловтан айласын асырды. Осы жалғыз гол кездесудің тағдырын шешті. Келесі айда Еуропа лигасында Қазақстан атын қорғайтын клубымыздың шамасы осы болса, онда осы жерден қоя салу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×