«Қайсар» жаңа шабуылшымен толықты

28.08.2021, 00:11
23 жастағы футболшының бойы 2 метрге жуықтайды.
«Қайсар» жаңа шабуылшымен толықты

Бурунди құрамасының шабуылшысы Бонфиль Калеб Бименьимана маусым соңына дейін "Қайсардың" намысын қорғайды. 23 жастағы футболшы мансабының біршама бөлігін Еуропа чемпионаттарында өткізген. Атап айтар болсақ, Латвия біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы "РФШ", литвалық "Атлантас", словакиялық "Погронье" секілді командаларда доп тепкен.

Сондай-ақ Бонфиль-Калеб Бурунди құрамасында 13 мәрте алаңға шыққан.

Жаңа футболшы алаңда 23 нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

ФК "КАЙСАР" баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×