«Қайсардың» черногориялық шабуылшысы мансабын Грузияда жалғастырады

01.01.2022, 23:57
Ол еркін агент ретінде грузиялық клубқа ауысты.
«Қайсардың» черногориялық шабуылшысы мансабын Грузияда жалғастырады

«Қайсардың» черногориялық шабуылшысы Стефан Денкович мансабын «Динамо Батуми» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Sports.kz.

30 жастағы шабуылшы грузиялық клубқа еркін агент ретінде қосылды.

Денкович «Қайсар» сапында 2021 жылдың ақпан айынан бастап өнер көрсетті. Жалпы 28 матч өткізіп, 2 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Ал қызылордалық клуб өткен маусымның қорытындысы бойынша Бірінші лигаға түсіп қалған болатын.

Стефан Денкович бұған дейін сербиялық «Црвена Звезда», «Сопот», «Войводина», «Земун» және «Спартак», израильдік «Хапоэль» (Хайфа), венгриялық «Академия Пушкаш», польшалық «Завиша», черногориялық «Бокель» және «Сутьеска» командаларының намысын қорғаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×