Қазақстан Ұлттық құрамасына кандидат футболшы Марат Шахметов "Қайсардың" Түркиядағы алғашқы жаттығуына келіп қосылды.
31 жастағы жартылай қорғаушы бірнеше отандық клубта өнер көрсеткен. Атап айтсақ, "Алма-ата", "Локомотив", "Астана", "Атырау", "Жетісу", "Шахтер", "Тараз", "Ақжайық", "Каспий" сынды клубтардың намысын қорғаған. Тәжірибелі футболшы мансабында 368 ойын өткізіп, 21 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапса, 11 мәрте нәтижелі пас берген. Орталық жартылай қорғаушы қызметін атқаратын Марат Шахметов әзірге "қасқырлар" сапында қаралымда болмақ.
"Қайсардың" Анталиядағы оқу-жаттығу жиынына "Зенит" футбол клубының түлегі Никита Бочаров келіп қосылды. 28 жастағы футболшы отандық футболдың жанкүйерлеріне бейтаныс емес.
Никита Қазақстан премьер-лигасында "Ақтөбе", "Ордабасы", "Тобыл" секілді командалардың намысын қорғаған. Сондай-ақ Бочаров Ресейде "Зенит", "Рубин", "Нефтехимик", "Томь" сынды командаларда доп тепкен. Мансабында 165 ойын өткізіп, 15 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздесе, 13 мәрте әріптестеріне голдық пас берген. Айта кетейік, Никитаның соңғы клубы - қостанайлық "Тобыл" командасы.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET