Қайта келген кім жаман?!

01.03.2011, 18:22
Қайта келген кім жаман?!
Қазақстан футбол федерациясы мен «Цесна» футбол клубы жаңа жобаны іске асырмақ. Осы жобаны жүзеге асыру үшін Германиядан неміс маманы Бернд Шторкты қайта шақыртты. Нақтырақ, герр Шторк Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасын жат­тықтырады және «Цесна» футбол клубының техникалық директоры қызметін атқарады. Ал аталмыш доданың мақсаты бойынша Бернд Шторк бастаған 1994 жылғы жасөспірімдер құрамасы «Цесна» футбол клубының базалық қорын пайдалана отырып, 2012 жылғы іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өту, яғни 2013 жылғы Еуропа чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алу болып табылады. Бұл жоба туралы алдағы уақытта кеңірек тоқтала жатамыз. Ал енді сөз кезегін ҚФФ вице-президенті Виктор Катковқа берсек. – Бұл қызметке Шторкты таңдаған себебіміз – неміс маманы Қазақстан футболының жағдайымен жақсы таныс. 2008 жылдан елімізде жүріп, барлық жағдаймен жақсы танысқан. Бейімделуді қажет етпейді. Бірден жұмысқа кірісіп кете алады. Сондай-ақ Бернд жасөспірімдермен жұмыс жасай алатын маман. Бұған біз кезінде ұлттық құраманың тізгінін осы бапкерге ұстатқанда байқаған болатынбыз, – деді вице-президент. Дегенмен келісімшарт мәселесіне келгенде, Виктор Георгийұлы нақты жауапты алдағы уақытта айтуға сөз берді. Дегенмен Шторк мырзаның қысқа мерзімге емес, ұзақ уақытқа келгенін жасырмады. Автор: Арсен Жанаділ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×