Қайта жанданған «Ақтөбе»

03.03.2020, 23:45
Қайта жанданған «Ақтөбе»

«Ақтөбе» футбол клубы басынан алмағайып заман өткеріп жатыр. Бұрынғы басшылықтың былықтары бетке шығып, жиналып қалған қарыздар қомақты бола түскен. ФИФАның клубтан алып қойған 12 ұпайы команданың премьер-лигада қалуына кедергі келтірді. «Ақтөбе» соның салдарынан басшылықты ауыстырып сербиялық маман Горан Вельковичті шақырды. Бас бапкер қызметіне Владимир Маминов кірісті. Ал клубты Артур Смағұлов басқарды. Сондықтан өзгерістер орын алып, команда 1-лиганың чемпионы атану деген мақсат қойды. Түркияға оқу-жаттығу жиынына барып жергілікті жастарды дайындауға кірісті. Алайда, бас бапкер Владимир Маминов қызметінен кетуге мәжбүр болды. Бұл оқиғаны клуб басшысы былай деп түсіндірді.

Артур СМАҒҰЛОВ – "Ақтөбе" ФК басқарма төрағасы

Басты себеп, команданың екіге бөлінуі. Ресейден келген ойыншылар бір бөлек, жергілікті футболшылар бір бөлек кетті. Командалық рух болмады. Сұрыптау жұмыстары дұрыс жүрмеді. Қойған мақсатымызға жете алмасымызды сезгендей болдық.

Смағұлов мырза Маминовтің бапкерлік жұмысына риза еместігін айтып, ресейлік маманға қызметін босатуын өтінеді. Араға бір күн салып командаға жаңа бапкер Алексей Петрушин таныстырылды.

Артур СМАҒҰЛОВ – "Ақтөбе" ФК басқарма төрағасы

Мен қызметке кіріскенде спорттық мәселедегі сауалдардың барлығын Горан Велькович шешті. Ол Маминовті лайықты бапкер санады. Ал мен ештеңе де істей алмадым.

Ресейлік баспасөзге берген сұқбатында Владимир Маминов Смағұлов мырзаның мәлімдемелері қисынсыз деп ақталды. Оның айтуынша клуб басшысы жұмыс барысында ішімдікке мас болған екен.

Владимир МАМИНОВ – бапкер

Өздеріңіз көргендей бүгінгі кешкі жаттығуға келген басшылық мені қызметімнен шеттетіп отыр. Алайда, осыған дейін қағаз жүзінде бірде-бір ескерту жасамады.

Кейіннен Смағұлов Маминовтың Қазақстаннан тапсырма алып отырғанын айтты. Ұзақ талас-тартыстың артында өзге де тараптар тұрғамнын жасырмады.

Артур СМАҒҰЛОВ – "Ақтөбе" ФК басқарма төрағасы

Оның істеген қылықтарының барлығы Қазақстаннан басқарылды. Соңғы жаттығу кезінде ол мені видеоға түсрді. Неше түрлі ғайбат сөздер айтты.

Клуб басшысы оған қырсы шығып жүрген тараптардың бар екенін білетінін айтқанымсен, олардың түрін түстемеді. Дегенімен бұл мәселе аяқталысымен, екінші бір дау-дамай бұрқ ете қалды. Әзірбайжандық футболшы Фуад Байрамов «Ақтөбе» командасында жаттығу жасағаннан кейін, келісімге келе алмай басшылық жалоақысының 50 пайызын сұрағанын айтты. Әзербайжандық баспасөзге берген сұқбатында ол клуб басшысы агент арқылы ақша сұрағанын айтып еді, ертесіне өз сөзінен өзі танды.

Фуад БАЙРАМОВ – футболшы

- Мен Векиль есімді агентпен жалақы мәселесінің пайызы бойыншы сөйлестім. Приезидентпен футбол жайлы басқаша сөйлескен едік. Мен бірінші жаттығуға шықтым, сосын екіншісіне мені қатыстырмады. Президент Қазақстан біріншілігінің тәртібі бьойынша командада небәрі 3 қана легионер болады деп түсіндірді. Екі легионерді алып қойдық, үшіншісін бапкер қарастырып жатыр деді. Сосын олар маған билет алып берді де мен отаныма қайттым.

Бір даудамай аяқталып, екіншісі басталып жатқанда клуб бапкерлігіне Алексей Петрушин келді. Команда Куасси Куаджомен толықты. Бұл қорғаушы кезінде «Ақтөбе» сапында ойнаған. Сонымен қатар, ресейлік Георгий Бурнаш, Олег Чернышов, Андрей Часовских және Эдуард Суханов, серб Никола Цуцкич, черногориялық Бобан Джорджевич, казақстандық Рифат Нұрмағамбет пен Владислав Прокопенколар да командамен бірге. Виталий Волков та ұжымға қайта қосылды. Осындай ойыншылармен олар бірінші лиганы жеңеміз дейді. Еліміздегі футболмен тыныстаған бірден бір қала «Ақтөбе» премьер-лигаға оралады деген үміттеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×