Қақпашы басына оқ тисе де, қақпаны ойын соңына дейін қорғады

20.06.2013, 17:28
Қақпашы басына оқ тисе де, қақпаны ойын соңына дейін қорғады
51 жастағы Душко Крталица алғашында не болғанын өзі де түсінбеген. 
Сәлден соң басы ауыра бастапты. Алайда, болған жайтқа аса мән бермеген Душко, ойынның соңына дейін қақпасын қорғаған. Нәтижесінде қарсылас командаға бір гол ғана есе жіберген. Крталицаның ақтық кездесуде сол қолы ұйып қалып, дәрігерге көрінуге тура келеді. Дереу ауруханаға жеткізілгенде, оның басынан оқ тауып алған ақ халаттылар қақпашының мықты денсаулығына қайран қалған. Артынша белгілі болғанындай, матч уақытында көрші ауылда үш үйлену тойы өтіп жатқан. Олар аспанға оқ ату рәсімін жасағанда, қаңғыған оқ қақпашының басына тиген көрінеді. Тәртіп сақшылары Крталицаға кездейсоқ оқ атты деген күдікпен бір адамды қолға түсіріп үлгеріпті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×