Қазақстан футбол федерациясы таратқан мәліметке сай, қарағандылық футбол төрешісі Артем Кучин 19 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының ақтық кезеңінде қызмет ететін болады. Ағымдағы жылдың 20 шілде және 1 тамыз аралығында өтетін беделді жарыстан өз еліміздің өкілін көру, әрине, жақсы. Дегенмен бұл турнирге біздің жастар құрамамыздың жолдама ала алмағаны өкінішті. Румыния елі қабылдағалы отырған бәсекеге барлығы 8 команда қатысады. Олар алдымен екі топқа бөлініп, өнер көрсетеді. «А» тобында – Румыния, Чехия, Грекия, Ирландия командалары бақ сынаса, «В» тобын – Сербия, Түркия, Испания, Бельгия елдерінің жас футболшылары құрайды.
Біздің серіктес: FONBET