Қарсыластарымыз анықталды

21.06.2011, 05:29
Қарсыластарымыз анықталды
Маусымның 20 жұлдызында "Ақтөбенің" Европа лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды. Еліміздің күміс жүлдегерлері екінші іріктеу айналымында венгриялық "Кечкеметпен" күш сынасатын болады. Бұл қос клубтың арасындағы теке-тірес 14 және 21 шілдеде өтеді. В.Мұқанов шәкірттері бұл маусымның алғашқы матчын сырт алаңда Венгрияда өткізеді. Футбол сүйер қауымға "Кечкемет" командасын таныстырып өтсек. "Кечкемет" - Венгрияның Шопрони-лигасында өнер көрсететін Кечкемет қаласының футбол клубы. Негізі 1911 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарды 6300 жанкүйер сиятын "Сектои" стадионында қабылдайды. Және Венгрия Кубогінің иегері ретінде саналады. Клубтың жетістіктері: Венгрия Кубогінің иегері: 2010/11 Венгрия Екінші лигасының жеңімпазы: 2007/08 Венгрия Үшінші лигасының жеңімпазы: 1945/46, 1957/58, 1989/90, 1994/95 Есет Төлеш
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×