Қарымта ойында қорғанысқа сенеміз

13.10.2012, 07:18
Қарымта ойында қорғанысқа сенеміз

Биылғы жылғы Қазақстан құрама командасының соңғы екі кездесуі Австрия құрамасына қарсы өтетіні белгілі болатын. Сондықтан алғашқы өз алаңымыздағы ойынның маңыздылығы жоғары еді. Өткен жылы да тура осы уақытта кездескен қарсыласымыз Астанаға тағы да қонақтап келді. Ал жанкүйерлер санасында тек қана соңғы минуттардың синдромы қайталанбаса екен деген ой тұрды. Бұл жолы сол бәлекетті айналып өттік. 

Алғашқы ұпайымыз құтты болсын! Енді қарымта кездесуде де барлығы жақсы болғанын тілейміз. Ол жақта да қорғанысқа сенім артсақ, тең нәтижеге қол жеткізуге болар еді. Сәті салғанда осы ойынды да жеңетін бе едік? Таңат Нөсербаев пен Ұлан Қонысбаевтардың гол соғатын керемет мүмкіндіктері болды. Қорғаныста қақпашы мен Дмитриенко, Коробкиндер жақсы ойнады. Допқа кенедей жабысып, стандарттық жағдайларды жасаған Остапенконы да мақтауымызға болады. 

Біздің топта немістер сырт алаңда ирландиялықтарды тас-талқан ұтты. Ал Швеция бұл жолы Фарер аралдарын зорға жеңді. Скандинавтарды құтқарған сол баяғы Златан Ибрагимович.

"С" тобы

N

 Командалар

О Ұ Т Ұ Д Ұ
1   ГЕРМАНИЯ 2 2 0 0 5-1 6
2   ШВЕЦИЯ 2 2 0 0 4-1 6
3   ИРЛАНДИЯ 1 1 0 0 2-1 3
4   АВСТРИЯ 2 0 1 1 1-2 1
5   ҚАЗАҚСТАН 3 0 1 2 1-4 1
6   ФАРЕР 2 0 0 2 1-5 0
 
 2012-жыл
 
 7 сентября  Германия - Фареры - 3:0
 7 сентября  ҚАЗАҚСТАН - Ирландия - 1:2
 11 сентября  Австрия - Германия - 1:2
 11 сентября  Швеция - ҚАЗАҚСТАН - 2:0
 12 октября  Ирландия - Германия
 12 октября  Казахстан - Австрия - 0:0
 12 октября  Фареры - Швеция - 1:2
 16 октября  Германия - Швеция
 16 октября  Австрия - ҚАЗАҚСТАН
 16 октября  Фареры - Ирландия
 
 

12 қазан. Астана. Стадион "Астана-Арена". Төреші - Тамаш Богнар (Венгрия).

ҚАЗАҚСТАН - АВСТРИЯ - 0:0
 Қазақстан  Австрия
 Андрей Сидельников  Роберт Альмер
 Александр Киров  Дьердь Гарич
 Қайрат Нұрдәулетов  Эммануэль Погатец
 Ұлан Қонысбаев (90+5)  Кристиан Фухс
 Анатолий Богданов  Андреас Иваншиц (73)
 Сергей Остапенко  Марко Арнаутович
 Марат Хайруллин (90+2)  Златко Юнузович
 Таңат Нөсербаев (87)  Мартин Харник (84)
 Виктор Дмитренко  Юлиан Баумгартлингер (62)
 Михаил Рожков  Себастьян Предль
 Валерий Коробкин  Вели Кавлак
Замены
 Азат Нұрғалиев, 87  Марк Янко, 62
 Мұхтар Мұхтаров, 90+2  Якоб Янчер, 73
 Сергей Гридин, 90+5  Андреас Вайман, 84

Наказания

 Таңат Нөсербаев, 82  Марк Янко, 90+2
 Сергей Остапенко, 90+1  Кристиан Фухс, 90+4
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Сенім мен серт
Серіктес жаңалықтары
×