Qazaq-Astyq Group Семейлік ұжымның акционері атанды

25.11.2025, 16:50

"Елімай" тарихындағы алғашқы ірі аймақтық акционер пайда болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Qazaq-Astyq Group Семейлік ұжымның акционері атанды
Instagram: fc_elimai

Бұл қадам жай ғана қаржылай демеушілік емес. Тараптар бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап үлгерген көрінеді.

Серіктестік төмендегі стратегиялық бағыттарды қамтиды:

  • Абай облысында бұқаралық спортты дамыту, жастар мен балаларға қолжетімді спорт мүмкіндіктерін кеңейту
  • Семей үшін аса маңызды спорттық инфрақұрылымды нығайту, жаттығу алаңдары мен материалдық базаны жақсарту
  • Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, өңірдің тұрғындарына арналған бастамаларды қолдау.

Еске сала кетсек, “Елімай” келесі маусымда УЕФА Конференциялар лигасында өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×