Қазақ футболшылары қанша жалақы алады?

Миллиондап қаржы табады, бірақ ойындары нашар дейді жанкүйерлер.
Қазақ футболшылары қанша жалақы алады?

Футболшылардың жалақысы үнемі талқыға түсіп жататын қызық тақырып. Қазіргі футболшылар алып жүрген жалақыларына сай ма? Бұл сауал әрине дау туғызуы мүмкін. Алайда, футболшы болу уақыты өте аз. Олар 10-15 жыл футболда жүрген кезінде болашағына жететін қаржы жинауы тиіс. Себебі, футболды аяқтағаннан кейін оларға жұмыс табу қиын болып кетеді. Әлбетте барлығы бірдей футболды тастаған соң бапкер болып кете алмайды. Зинедин Зидан мен Пеп Гуардиола секілді адамдар өте аз. Ал өзге спорттағы жалақылаға қарасақ футболдың маңғына да жолай алмайды. Кейбір футболшының бір айлық табысын қарапайым адам бір жылда да таппауы мүмкін. Бәлкім қызғаныш тудыртатын жағдай осы шығар.

- Руслан Мингазов "Ертісті" жүріп 17 мың еуро жалақы алған. Түркменстаннан келген футболшы үшін бұл үлкен сома деп есептеймін, - дейді Айдын Қожахмет.

Біз әлемдік жұлдыздардың жалақысына үңілмей-ақ қоялық. Оны онсызда жанкүйер қауім жақсы біледі. Біз бүгін қазақстан футболшылары жайында сөз қозғасақ. Отандық футболшылар алып жүрген жалақыларын айтқысы келмей, құпияда ұстайды. Оның басты себебі клубтардың барлығы облыстық бюджеттен қаржы алады. Осыдан бірнеше жыл бұрын ақпарат көгіне еліміздегі бір клубының футболшылары қанша жалақы алатыны шықты. Қазақстан құрамасының бір ойыншысы 9 миллион теңге алып жүр екен.

Әлбетте футболшылар жалақыларын өздері көтерткізіп алған жоқ. Әлем футболы осы жолмен кетті. Қазір жер шарындағы нөмірі бірінші спорт футбол. Сондықтан да миллиардтаған қаржы осы спорттың төңірегінде жүр. Бірақ, статистика бойынша футболмен айналысқан 100 адамның тек 2 ғана футболшы болып кетеді екен. Қалғаны кәсіпқой түрде айналыса алмай қалады. Күнделікті ауыр жаттығу, жарыстар, жарақаттар мұның барлығы футболдың бізге көрінбейтін ауыр тұсы. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×