Қазақ футболы жеңiл жүрiстi қыз ба?

29.03.2011, 20:08
Қазақ футболы жеңiл жүрiстi қыз ба?

«Жер астынан жiк шықты, екi құлағы тiк шықты» деген осы шығар. Айдың күннiң аманында қазақ спортын басқарып отырған ағайындар ел футболын Еуропа қауымдастығынан шығарып қайтадан Азияға өткiзу керек дегендей ұсыныс тастап отыр. Аяқдоптың тағдырын екеуара талқыға салып шеше салу жұмсартып айтқанда жақсы нәрсе емес. Темiрхан мен Жақсыбек солай шештi деп сары құрлыққа қазақ футболы бара салады дегенге сену де қиын.  2012 жылғы Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарының 5-турында азулы Германияға қарсы өнер көрсетiп, жауапсыз төрт гол айырмасымен жеңiлiске ұшыраған болатын. Осы сәтсiздiктен кейiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде өткен Үкiмет сағатында Туризм және спорт министрi Темiрхан Досмұхамбетов  пiкiр бiлдiрдi. «Футбол – бұл бұқаралық-саяси спорттың түрi және бiз бұған барынша көңiл бөлiп келемiз. Ұлттық құраманың деңгейiн жоғарылату үшiн де аз қаражат бөлiнген жоқ. Бiрақ, бөлiнген қаржыға сай нәтиженiң де жоқтығын көрiп отырсыздар. Осыған байланысты, мен алдағы уақытта Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропада емес, сары құрлықта өнер көрсеткенiн қалар едiм. Егер, Азияға қайта оралсақ жетiстiктерге жетiп, сары құрлықтағы үздiк алты команданың қатарына енер едiк», – деген ҚР туризм министрi бұл әңгiме төңiрегiнде Қазақстан Футбол федерациясының президентi Ә. Жақсыбековпен  де талқылағанын айтып өттi. Демек, бiр өзгерiстiң болатыны сөзсiз. «Ал, ойыншылардың болашағына келетiн болсақ, құраманың қатарын ұлттық аяқдопшылармен толықтыру қажет. Қазiр 27 қаракөз қазақ баласы Бразилияда жаттығып жүр, сондай-ақ, олар 18-ге толғанша осы спорт түрiн толыққанды меңгеруi қажет. Бүгiнде олардың екеуi Бразилия ұлттық құрамасының жастар құрамына өттi. Келiсiм-шарт бойынша осы дайындықтан өтiп жатқандардың ешқайсысы шет елде қала алмайды, сондай-ақ шартқа сәйкес дайындықтан кейiнгi жетi жыл бойы бiздiң ұлттық құрамада ойнауға мiндеттi. Менiң ойымша, осы өрендер Отанына оралып, қазақ футболының еңсесiн көтеретiнiне сенiмiм мол», – дедi Т.Досмұхамбетов. Сонау 2001 жылы күзде Қазақстан футбол қауымдастығы Азия құрлығынан өз ниетiмен шыққан болатын. Ол кездегi АФҚ президентi Питер Веллопан "Қазақстан – Еуропа қауымдастығында ұялмай кiре алатын ел. Футболды дамыту үшiн дұрыс жол таңдадыңыздар" деген болатын. Рахат Әлиев пен Тiлек Ақпаев барлық күштердi қоса келе ғасырдың қателiгiне баланған сол олқылықтың орнын толтырған-тын. Ол қателiктi 1991 жылы Заманбек Нұрқадiлов пен Құралбек Ордабаевтар жасаған едi. УЕФА мен Азияның арасында тұрып екiншi нұсқаны таңдап жiберген олар қазақ футболын ТМД елдерiнiң iшiнде «кәрi құрлыққа» бөлiнгендерден артта қалдырып кеттi. Ендi сол қателiктi тағы да қайталасақ өз обалымыз өзiмiзге. Аннан шығып, мында кiрiп жүре беретiн қазақ футболы жеңiл жүрiстi қыздың күйiн кешкенi ме? Тiптi, бiздi алып-салып, еркiмiзге жiберiп отыра беретiн Азия мен Еуропа қауымдастығы ағайынымыздың ауылы ма едi? Сұлтанғали Қаратайұлы, Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы: – Қазақстан футболы Еуропа қауымдастығына ауысқаннан кейiн мен осы бiз қателiкке бой алдырдықпа деп ойладым. Құрамамыз бiрiнен соң бiр кездесулерде ұтылып жатты. Iрi есеппен тiзе бүгiп, жанкүйер қауымның дегбiрi қашты. Бiрақ iзiн ала қазақ футболына УЕФА тарапынан қыруар қаржы бөлiнiп, жеткiлiктi деңгейде қолдау бiлдiрiлдi. Жасанды жасыл алаңдар мен футбол академиялары бой көтердi. Қазақстан ұлттық құрамасы дүбiрлi додалардың ақтық сындарына жолдама алмаса да, әлемге танылған мықты ұжымдармен иық тiресуге мүмкiндiк алды. Жанкүйерлер ағылшын, немiс, түркия секiлдi алпауыт елдiң жұлдыз ойыншыларын өз көздерiмен көру бақытына ие болды. Бұл елдегi футболдың дамуына қосылған үлес десек өтiрiк емес. Ендi Қазақстан футболын қайтадан Азияға өткiзу деген ұят нәрсе. Оны ойластырып жүрген министр тек жауапкершiлiктен қашуды ғана көздейдi. Мықтылыққа, жоғарғы деңгейге ұмтылмасақ – онда оның несi футбол.  Ертен Қырғызстанды ұтып қуанғанша, Еуропада жүрiп немiстен ұтылғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Бұл тек уақытша нәрсе. Қазақ футболын дамыам деген адамға ең алдымен жастардан бастау керек дер едiм. Мысалы, Оңтүстiк Қазақстан облысында 42 мыңдай жас жеткiншек аяқдоппен айналысады. Сол өңiрлерде ешбiр тиын алмай сол балаларды жаттықтырып, дайындап жүрген азаматтарды бiлем. Шымкент қазақ футболының Меккесi болса, неге осыларды Қазақстан футбол федерациясы қолдамайды. Димаш МҰРАТБЕК, жанкүйер: – Қазақстан футболы Еуропаға кiрдi дегенде бөркiмiздi аспанға атқан едiк. Ендi мына жаңалықты естiп жағамызды ұстап отырмыз. Әлемдiк футболдың ең дамыған, озық үлгiсi осы Еуропада емес пе? Әлем бiрiншiлiгiне Азияда мықты болып Сауд Арабиясы секiлдi шыққанша, Еуропадан ортаңқол ретiнде Қазақстан болып шыққанымыз әлдеқайда пайдалы. Өзiмiз қатарлы Латвия, Словакия секiлдi командалар Әлем бiрiншiлiгi мен Еуропа кубогының ақтық кезеңдерiне жолдама алып жатыр ғой. Ретi келсе, бiзде осы жолмен түбi шығармыз. Бiз соған сенемiз. Кезiнде Арно Пайперс жаттықтырған құрамамыз Сербияны ұтып, Бельгиямен тең өнер көрсеткенде қалай қуанып едiк. Мiне, бiзге де дәл сондай мықты ұжым құрау керек. Ол үшiн мықты бапкер керек. Бақдәулет ҚОЖАБАЕВ, «Ордабасы« футбол клубының ойыншысы: – Қазақстан футболы Еуропаға өткелi берi қарқынды түрде дамып келедi. Оны бiз аяқдопшылардың өзi сезiнiп келемiз. Азияға өту жайлы ендi естiп тұрмыз, Және мұндай нәрсе орын алады дегенге сенгiмiз де келмейдi. Азияда доп тебу ойыншы үшiн де аса қатты мәртебе болмасы хақ. Ойнаған соң жоғарғы деңгейге ұмтылу арқылы өскен дұрыс деп ойлаймын.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.385
Ничья
5.34
П2
8.55
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.007
Ничья
3.995
П2
3.605
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.968
Ничья
3.915
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.84
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.585
П2
2.272
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.79
П2
2.865
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.01
Ничья
3.81
П2
1.945
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.08
Ничья
14.8
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Алдыңғы жаңалық
Халық қуанышы
×