Қазақ футболының тарихы

29.11.2010, 21:02
Қазақ футболының тарихы
ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ БАСТЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРЫ, 1913-1937 жылдар Қазақ футболының тарихынан азды-кем жиналған ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз. Тарихты білмей, болашаққа бару мүмкін емес. Кешегі қазақ футболының тынысы барлығымызға ортақ дүние, және қазақ футболын дамытамыз десек әуелгі әңгімені осыдан бастайық. Қала атаулары Қазақстан тәуелсіздік алған кезде өзгертілген қалпында көрсетілген.
евченко - Ақтау
Жамбыл - Тараз
Целиноград - Ақмола, кейін Астана
1913-14 жылдар. Семей қаласында  ССК, “Олимп”, “Ласточка”, “Орлята” және “Ярыш” атты алғашқы қазақстандық командалар пайда болды. Кейбір деректерде аяқ доп ойынын Орталық Азия мен Сібір бойынша ірі сауда орталықтарының бірі саналған Семей қаласына ағылшын саудагерлері алып келгені айтылады. Кезінде «Ярыш» футбол клубының сапында қазақ атын әлемге «Абай жолы» роман-эпопеясымен танытқан әдебиет алыбы Мұхтар Омарханұлы Әуезов  (1897 - 1961), өнер көрсеткен.  Оның өмірлік туындысы қырық сегіз елдің тіліне аударылып, жалпы жиынтығы 2 000 000 данамен таратылған әлемдік әдебиеттің алтын қорындағы құнды шығармалардың бірі. Жас Мұхтармен бірге жасыл алаңға шыққан отандық футболдың қарлығаштары Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нигматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин секілді жеткіншектер біздің елде бұл спорт түрінің кең таралуына жол ашты. Семейлік футбол жылнамашысы Евгений Один тапқан деректерге сүйенер болсақ «Ярыш» халықаралық бәсекеге қатысқан алғашқы команда болып есептеледі. Әңгіме «Ярыштың» Семей қаласындағы Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарынан жасақталған командаға қарсы өткізген кездесулеріне қатысты. Әскери тұтқындар арасында біздің командаға қарсы 1912 жылғы Олимпиада ойындарының екі қатысушысы өнер көрсеткен. Қазақстандық футболдың қарлығаштары алғашқы ойындарын Қазан төңкерісіне дейін күз сайын өткізілетін атақты Семей жәрмеңкесі өтетін алаңқайда өткізіп келді. 1915-16 жылдар. Танымалдығы күн санап артқан аяқдоп ойыны Павлодарға да жетті. Ертіс жағасындағы қалада “Ястреб” және “Звездочка” командалары пайда болды. Семей мен павлодарлық командалар Ресей империясының көршілес орналасқан губернияларының командаларымен жиі кездесе отырып футболдың Орта Азия мен Сібірде кең танылуына жол ашты. 1921 жыл. Жамбыл қаласында Қазақстандағы алғашқы футбол алаңы пайдалануға берілді. 1928 жыл. Петропавл қаласында Қазақ АКСР (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы) губернияларының командалары арасында  ресми жарыс өткізілді. Аталмыш турнирге қатысқан ойыншылардан Қазақстан тарихындағы тұңғыш құрама команда жасақталып, бұл ұжым РКФСР (Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы) облыстары мен автономиялары халықтарының I Бүкілодақтық жұмысшылар Спартакиадасы  іріктеу бәсекесіне қатысты. Қазан қаласында өткен жарыста қазақстандық команда бес кездесу өткізіп, турнир қортындысы бойынша екінші орынға ие болды. 1936 жыл. Қазақстандық команда алғаш рет Бүкілодақтық ресми бәсекеге қатысты. I КСРО Кубогінің  1/32 финалдық кездесуіне қатысудан бас тартқан Куйбышевтік клубтастарын алмастырған Ақтөбе қаласының «Динамо» командасы мәскеулік ЦДКА- мен кездесу өткізді. Матч қортындысы мәскеуліктердің пайдасында 4:0 болып аяқталды. 1937 жыл. Қазақстандық команда алғаш рет кәсіпқой клубтар арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Кеңес Одағының ІІІ Чемпионатындағы «Шығыс қалалары» тобында өнер көрсеткен алматылық «Динамо» жеті қатысушының арасында үшінші орынға ие болды.
ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ БАСТЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРЫ, 1940-1968 жылдар Қала атаулары Қазақстан тәуелсіздік алған кезде өзгертілген қалпында көрсетілген.
Шевченко - Ақтау
Жамбыл - Тараз
Целиноград - Ақмола, кейін Астана
1940 жыл. Қазақстандық клубтың бүкілодақтық деңгейде алғаш рет жеңіске жеткен жылы. Алматылық «Динамо» Таганрогта өткен КСРО-ның  Денешынықтыру ұжымдары Кубогінің финалындағы екінші матчта  жергілікті «Торпедоны» 3-1 есебімен ұтып, бағалы жүлдеге қол жеткізді. Халық арасында «Миллиондар кубогі» деген атқа ие бұл жарыстың бастапқы кезеңінде ұзын саны 2150(!) өнер көрсеткен. 1946 жыл. Қазақстанның спорттық ұжымдар арасындағы І Чемпионаты тұсауын кесті. Турнирдің алғашқы жеңімпазы жамбылдық «Локомотив». 1948 жыл. Спорттық ұжымдар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогі сарапқа салынды. Аталмыш жүлденің алғашқы жеңімпазы қарағандылық «Динамо» 1951 жыл. Алғашқы кезеңдерде Баку, Одесса және Сталинградттық ұжымдарды жеңген шымкенттік “Металлург” ВЦСПС Кубогінің финалына жолдама алды. Ақтық сында оңтүстікқазақстандық ұжым кемеровтік“Шахтерді” 3:1 есебімен тізе бүктірді. 1957 жыл. Қазақстан футболының тарихындағы алғашқы ресми халықаралық матч. Алматыда жергілікті «Қайрат» финляндиялық «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4 - 0 есебімен жеңіске жетті. 1959 жыл. Қазақ КСР Футбол Федерация құрылды. 1960 жыл. Алматылық «Қайрат» қазақстандық командалар арасында алғаш рет жоғары дивизион клубтары арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға жолдама алды. 1960 жыл. Қазақстандық футболшылар КСРО Чемпионатының жоғарғы дивизионындағы алғашқы голдарын соқты. Мәскеулік «Локомотивтің» қақпасына соғылған тарихи голдың авторы қайраттық Сергей Квочкин. 1960-61 жылдар. Өскемендік “Торпедо” Миллиондар Кубогінің жартылай финалына шықты. 1962 жыл. Қарағандылық “Шахтер” қазақстандық клубтар арасында алғаш болып КСРО-ның «Б» класындағы командалар өнер көрсететін чемпионатының ІІ аймағында жеңімпаз атанды. Аталмыш турнирдің І және ІІ аймағындағы жеңімпаздар арасында өткен екі кездесуден тұратын финалдық ойынның қортындысы бойынша қарағандылықтар Гомель қаласының  “Локомотив” командасын ұтып (1:0 и 0:0), КСРО чемпионатының “А” класындағы командалар бәсекесіндегі ІІ топта өнер көрсетуге мүмкіндік алды. 1963 жыл. Алматылық “Қайрат”, КСРО –ның XXII Кубогінің жартылай финалына шығып, қазақстандық клубтардың аталмыш турнирдегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізді. Финалдың жолдамасына таласқан алматылықтар мен донецкілік “Шахтер” арасындағы жартылай финалдық кездесудің тек қосымша уақытында ғана украиналық команда 2:1 есебімен жеңіске жете алды. 1964 жыл. Алғашқы кезеңдерде жоғары нәтиежелерге қол жеткізген өскемендік Торпедо” Миллиондар Кубогінің «Үлкен финалына» жолдама алды. “Динамо”-3 (Мәскеу) - 3:2 есебімен ұтып, Молодечиналық “Норочьпен” өткізген кездесуді  0:0  нәтижесімен аяқтап,  Белая Калитвалық “Трудтан”  2 : 0 есебімен жеңіліп қалған шығысқазақстандықтар турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл бәсекеге сол жылы тұтастай алғанда 40286(!) команда қатысқан. Жарыс қортындысы бойынша торпедолық қақпашы А. Лазарев пен шабуылшы Ю. Тимошенко өз ойын жүйелері бойынша үздік футболшылар болып танылса, ұйымдастырушылар “Торпедо” футбол клубын «Адал ойын» жүлдесімен де марапаттады. 1966 жыл. Алматылық  “Қайрат” жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды. 1967 жыл. Қарағандылық “Шахтер” “А” класындағы ІІ топтың ІІІ бірлестігіндегі командалар арасында жеңіске жетіп КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін жолдама сарапқа салынар шешуші турнирге қатысты. Бұл бәсекенің финалдық кезеңінде “Шахтер” кировабадтық “Динамомен” бірдей ұпай жинағанымен, қосымша белгіленген кездесуде қарсыластарынан  1:0 есебімен жеңіліп қалды. 1968 жыл. КСРО Футбол федерациясы “Б” класындағы командалардың қазақстандық аймағын құрады. Жалпы саны 21 клуб қатысқан аймақтық жарыстың алғашқы жеңімпазы жезқазғандық “Еңбек”. 1968 год. Кәсіби клубтар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогінің бәсекесі өткізіліп, бас жүлдеге целиноградтық  “Динамо” қол жеткізді.
ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ БАСТЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРЫ, 1971-1989 жылдар Қала атаулары Қазақстан тәуелсіздік алған кезде өзгертілген қалпында көрсетілген.
Шевченко - Ақтау
Жамбыл - Тараз
Целиноград - Ақмола, кейін Астана
1971 жыл Қазақстанның клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңісі тіркелген жыл. Алматылық  “Қайрат” Кеңес Одағы клубтарының арасында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Одағы Кубогін жеңіп алды. Ақтық сынға барар жолда алматылықтар Кошицелік «Локомотивті» (Чехия) үйде 4:1, сырт алаңда 1:0 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін біздің команда Алматыда софиялық “Славиядан” (Болгария) 1:3 есебімен жеңіліп қалғанымен, сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, финалда Бухаресттің “Рапидімен” кездесіп Румынияда өткен кездесуде 1:1 нәтижесіне қол жеткізді. Ал Алматының Орталық стадионында 32 мың жанкүйер тамашалаған тарихи кездесуде “Қайрат” 1:0 жеңіске жетіп, мәртебелі жүлдені ұтып алды. 1971 жыл. Алматылық  “Қайраттың” қорғаушысы  Сейілда Байшақов “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қортындысы бойынша КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионындағы «Үздік жаңа есім» болып танылды. 1973 жыл. Қазақстан жастар құрамасы Бүкілодақтық “Переправа” турнирінің күміс жүлдегері атанды. 1975 жыл. Теміртаулық “Болат” футбол клубы Қазақстандық командалар арасында екінші болып Миллиондар Кубогін ұтып алды. Финалдық кездесуде металлургтар Раменскінің “Сатурнды ” 1:0 есебімен ұтып кетті. 1976 жыл. Алматылық “Қайрат” қазақстандық футбол тарихында алғаш рет КСРО бірінші лига клубтарының чемпионатында жеңіске жетті. 1976 жыл. Алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен павлодарлық қорғаушы Александр Кадейкин жасөспірімдер арасындағы (U-19) Еуропа чемпионатында жеңіске жетті. 1977 жыл. Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов қазақстандық футболшылар арасында бірінші болып КСРО құрамасына шақырту алды. Футболшы Кеңес Одағы құрамасы сапындағы алғашқы матчын 1978 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Будапештте Венгрия құрамасына қарсы өткізді. 1980 жыл. Павлодарлық  “Трактор” самарқандтық “Динамо” мен  тольяттилік “Торпедо” біріккен топтан үздік шығып, екінші лига клубтарының арасындағы КСРО чемпионатының VII аймағында жеңіске жету арқылы Қазақстан атынан Кеңес Одағы біріншілігінің бірінші лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. 1980 жыл. Алматылық “Қайрат” екінші рет жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды. 1981жыл. Алматылық “Қайрат”  “Неделя” газетінің жүлдесі үшін өткен Қысқы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Алматылықтар мен мәскеулік “Динамо” арасында өткен финалдық кездесудің негізгі уақыты нәтижесіз тең есеппен аяқталған болатын. Жеңімпаз матч соңындағы пенальтиде анықталды. “Қайрат”  5:4 есебімен жеңіске жетті. 1983 жыл. Алматылық “Қайрат” екінші рет Бірінші Лига командаларының арасындағы КСРО Чемпионатының алтын жүлдесін ұтып алды. 1985 жыл. Қазақстандық балалар мен жасөспірімдер футболының түлектері Бүкілодақтық аренадағы алғашқы ірі жеңістеріне қол жеткізді. Минскіде өскемендік “Спутник-2” командасы «Былғары доп» турнирінің ересек жас дәрежесіндегі футболшылар турнирінде бас жүлдеге ие болса, Қазан қаласында өткен орта жас дәрежесіндегі балалар жарысында жамбылдық “Жалын”   жеңімпаз атанды. 1986 жыл. "Футбольное обозрение" бағдарламасының жүргізген сауалнамасының қортындысы бойынша  Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Вахид Масудовтың Алматыда өткен кездесуде днепропетровскілік  "Днепрдің"  қақпасына соққан голы Жоғарғы Лига командаларының арасындағы XLIX КСРО Чемпионатының үздік голы болып танылды. 1986 жыл. Жоғарғы Лига командаларының арасында өткен КСРО чемпионатында қортынды жетінші орынға ие болған алматылық “Қайрат” қазақстандық клубтардың аталған турнирдегі ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді. 1988 жыл. Алматылық “Қайраттың”  жартылай қорғаушысы Евгений Яровенко КСРО олимпиадалық құрамасының сапында Сеулде өткен ХХIV жазғы Олимпиалық ойындардағы футбол турнирінің алтын жүлдесін жеңіп алу арқылы отандық футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды. 1988 жыл. Алматылық “Қайрат” КСРО Федерация Кубогінің жеімпазы атанды. Кишиневтің Республикалық Стадионында өткен финалдық кездесуде алматылықтар бакулік “Нефтчиді” 4:1 есебімен тізе бүктірді. 1988 жыл. Қазақстандық қыздар командасы Бүкілодақтық  ресми кездесуге қатысты. Мәскеу облысындағы Кашира қаласындағы “Собеседник” апталығының жүлдесі үшін өткен ІІ Бүкілодақтық турнирге “Претендент” қыздар командасы атсалысты. 1989 жыл. Қазақ КСР Футбол ассоциациясы құрылды. 1989 жыл. Алматылық  “Қайраттың” шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди қазақстандық футболшылар бірінші болып шетелдік клубпен келісім-шарт бекітті. Оның алғашқы шетелдік клубы грекиялық “Левадиакос” болды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×