Қазақ киберспортшылары Еуроға қатысты

05.05.2020, 02:32
Қазақстандық киберспортшылар халықаралық аренада өнер көрсетуін «С» тобынан бастады.
Қазақ киберспортшылары Еуроға қатысты

Еліміздің намысын бұл сында Қаныш Әбікенов пен Қабір Добай қорғады. Біздің команданың қарсыластары Швейцария, Босния және Герцеговина, Молдова мен Македония болды. Жарыс УЕФА туы астында өтті. Қаныш жарыс жайлы өз ойымен бөлісті.

Қаныш ӘБІКЕНОВ-киберспортшы

Жарыс өте қызық өтті. Бұл мен үшін екінші жарыс болды. Осыған дейін Азия ойындарына қатыстым. Жарыстың ұйымдастырылуы өте қызық болды. Маған бәрі ұнады, тек пандемияның кесірінен финалдық кездесу онлайн өтетін болды.

Коронавирус киберфутболға да кесірін тигізіпті. Індеттің кесірінен қазақ киберспортшылары кішігірім мәселелерге тап болыпты.

Қаныш ӘБІКЕНОВ-киберспортшы

Менің командаласым Қаскелеңде тұрады. Ал ол жақта интернет нашар ұстайды. Жоғарғы жылдамдықты интернет қаланың басқа бір бөлігінде екен. Ал оның алдында ол Алматы қаласына келіп ойнап жүрген еді.

Бірінші іріктеу жарысынджа Босния және Герцеговина құрамасы бірінші орын алды. Біздің жігіттер екінші орын иемденді. Ал екінші іріктеу айналымында отандастарымызға сәл ғана сәттілік жетіспеді. Финалдық кезеңнің жолдамасын испания алып кетті.

Қаныш ӘБІКЕНОВ-киберспортшы

Ол жақта кәсіпқой киберспортшылар ойнайды. Олардың үшеуі мюнхендік «Баварияда» ойнайды. Біреуі «Барселонада». Бізге жаттығулар жетіспеді. Оған әлбетте карантиннің кесірі тиді.

Қаныш өзін кәсіпқой киберспортшы санамайды екен. Бұл спорт оның тек жай қызығушылығын ғана тудыртады. Ал виртуалды ойындағы футболшылар скилы кәдімгі өмірдегідей жасалынғандықтан жігіттердің мұншама деңгейде өнер көрсетуі мақтанарлық жайт. Қазақстанның виртуалды құрама командасының үздік ойыншысы Бауыржан Исламхан немесе Дмитрий Шомко шығар деп ойласаңыз қателесесіздер.

Қаныш ӘБІКЕНОВ-киберспортшы

Бізді шабуыл шебі қатты қуантты. Әсіресе Бауыржан Тұрысбек. Ол бізде негізгі шабуылшы болды. Ал Федин мен Сейдахметті екінші таймда алаңға шығарып отырдық. Олар алаңға алмасып кіргенде жақсы ойнайды екен. Сосын ойынның соңғы минуттарында гол соға бастайды. Ал Тұрысбектің бір қасиеті ол допты тоқтатпастан қақпаға тебе алады. Ол біздің соққан голдардың 70 пайызын өз еншісіне жазды.

Дәл қазіргі таңда киберфутболды екінің бірі ойнайды. Ресейде футболшылар арасында ФИФА және Пес жарыстарын өткізіп жатады. Испания, Англия, Германия, Франция, Италия елдерінде де сондай жарыстар бар. Жалпы айтқанда киберфутболды ойнаушылар саны күрт көбейіп келеді. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×