Қазақстан әйелдер құрамасы өз алаңында Грекиядан жеңілді

23.10.2021, 00:11
Қыздарымыз өз тобында ең соңғы орында келе жатыр.
Қазақстан әйелдер құрамасы өз алаңында Грекиядан жеңілді

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Грекияға есе жіберді. «Астана Аренада» өткен ойын 1:0 есбімен қонақ команданың пайдасына аяқталды. Жеңісті голды 85-минутта Грегория Поулия соқты

Қазақстан W: Ирина Саратовцева (қ) – Лейла Садықова, Кұндыз Қожахмет, Бибігүл Нұрышева, Александра Бурова, Анастасия Власова – Мадина Жаңатаева, Бегайым Қырғызбаева – Светлана Бортникова, Әселхан Тұрлыбекова (Карина Жұмабайкызы 90+2), Әсел Күбесова (Ксения Хайрулина 65);

Үш ойыннан кейін бірде-бір ұпайсыз І тобында соңғы орында келеді. Қазақстан келесі матчын 26 қазан күні елордада Франция құрамасына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×