Қазақстан алтыншы себетке түсті

28.07.2011, 18:08
Қазақстан алтыншы себетке түсті

Бүгін ФИФА рейтингінің жариялауы бойынша Қазақстан 2014 жылы өтетін әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде алтыншы себетке түсті. Жалпы біздің ұлттық құрамамыз 231 ұпаймен 126 орынды сақтап қалды. Ал Қазақстанның Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңіндегі қарсыластары төмендегідей орындарға жайғасты: Германия - 3-орын (1305 ұпай), Түркия - 24-орын (820 ұпай), Бельгия - 37-орын (691 ұпай), Австрия - 66-орын (479 ұпай), Әзірбайжан - 111-орын (282 ұпай). 2011 жылдың 27 шілдедегі ФИФА рейтингі: 1. (1) Испания 2. (2) Голландия 3. (3) Германия 4. (5) Бразилия 5. (18) Уругвай 6. (4) Англия 7. (7) Португалия 8. (6) Италия 9. (8) Хорватия 10. (10) Аргентина 11. (27) Чили 12. (11) Норвегия 13. (12) Грекия 14. (14) Кот-д'Ивуар 15. (15) Франция 16. (13) Жапония 17. (16) Черногория 18. (17) Ресей 19. (19) Швеция 20. (9) Мексика ... 125. (125) Либерия 126. (126) ҚАЗАҚСТАН 127. (127) Танзания ӘБ-2014 іріктеу кезеңіндегі жеребе кәрзеңкелеріндегі құрам төмендегідей: Бірінші кәрзеңке: Испания, Голландия, Германия, Англия, Португалия, Италия, Хорватия, Норвегия, Грекия. Екінші кәрзеңке: Франция, Черногория, Ресей, Швеция, Дания, Словения, Түркия, Сербия, Словакия. Үшінші кәрзеңке: Швейцария, Израиль, Ирландия, Бельгия, Чехия, Босния және Герцеговина, Беларусь, Украина, Венгрия. Төртінші кәрзеңке: Болгария, Румыния, Грузия, Литва, Албания, Шотландия, Солт. Ирландия, Австрия, Польша. Бесінші кәрзеңке: Армения, Финляндия, Эстония, Кипр, Латвия, Молдавия, Македония, Әзірбайжан, Фарер аралы. Алтыншы кәрзеңке: Уэльс, Лихтенштейн, Исландия, ҚАЗАҚСТАН, Люксембург, Мальта, Андорра, Сан-Марино.
Есет Төлеш, Ақтөбе қаласы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×