Қазақстан - Беларусь матчына келген жанкүйерлер саны белгілі болды

23.09.2022, 19:17
Бұл матчта ұлттық құраманың рекорды жаңарды.
Қазақстан - Беларусь матчына келген жанкүйерлер саны белгілі болды

Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасында өткен тарихи матчты 29 637 жанкүйер тамашалады. Бұл Қазақстан құрамасының жанкүйерлер жиналуы көрсеткіші бойынша жаңа рекорды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Бұған дейін ұлттық құраманың ең көп көрермен жинаған матчы 2019 жылы Ресейге қарсы болған – 29 582 адам.

Ұлттық құраманың рекордтары:

1.​ Қазақстан – Ресей (24.03.2019) «Астана Арена». 29 582 көрермен

2. Қазақстан — Германия (22.03.2013). «Астана Арена» 29 300 көрермен;

3.​ Қазақстан — Грузия (06.09.2018). «Астана-Арена» 28 736 көрермен;

4.​ Қазақстан — Шотландия (21.03.2019). «Астана-Арена» 27 641 көрермен;

5.​ Қазақстан — Түркия (12.06.2015). «Орталық» (Алматы) 25 125 көрермен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×