Қазақстан Беларусь құрамасының тас-талқанын шығарды

09.03.2021, 05:40
Ұлттық құрамамыз өз тобында жеке-дара көш бастады.
Қазақстан Беларусь құрамасының тас-талқанын шығарды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2022 турниріне іріктеу кезеңінде қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Кака шәкірттері Минск қаласында Беларусь құрамасымен ойнап, 6:1 есебімен басым түсті.

Қазақстан құрамасы сапында Дәурен Нұрғожин (7'), Дәурен Тұрсағұлов (17', 36'), Тайнан (22'), Дуглас Жуниор (28'), Лео (32') мергендігімен көзге түсті.

Еске сала кетейік, 5-топтағы алғашқы екі кездесуде Қазақстан Венгрия мен Беларусь құрамаларын жеңген болатын. Іріктеу кезеңі аяқталғанға дейін Қазақстан құрамасы тағы үш кездесу өткізеді - 6 сәуірде Венгриямен (сырт алаңда), 9 және 13 сәуірде Израильмен ойнайды (екі матч та Қазақстанда өтеді).

Қазақстан құрамасы 3 ойында 9 ұпай жинап, өз тобында жеке-дара көш бастады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×