Қазақстан чемпионаты 1 тамызда басталады

23.06.2020, 21:46
Асыға күткен чемпионатты тағы да күтуге тура келеді.
Қазақстан чемпионаты 1 тамызда басталады

1 шілдеде басталуы тиіс болған Қазақстан Премьер-Лигасы 1 тамызда басталатын болды. Бұл туралы Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

"Спорт және дене шынықтыру комитеті, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі басшылығының нұсқауы негізінде, коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, барлық республикалық жарыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасының ресми чемпионаттары мен кубок ойындары 2020 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 1 тамызына ауыстырылсын", - деп жазылған қаулыда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×