OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының мамыр айындағы үздік бас бапкері анықталды. Сауалнама отандық командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
Мамыр айының үздік бас бапкері болып ақтаулық «Қаспий» командасының жаттықтырушысы Срджан Благоевич танылды. Сербиялық маман 5 ұпай жинады.
Аталмыш сауалнамада екінші орынды «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян иеленді, қостанайлық ұжымның бапкеріне өз дауыстарын 4 маман берді. Үздік үштікті «Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов түйіндеді. Ресейлік маман 3 ұпай жинады.
Жүлдені жеңімпазға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 16-турындағы «Қаспий» - «Қайсар» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.
Біздің серіктес: FONBET