Қазақстан чемпионатының маусым айындағы үздік голы анықталды

17.07.2021, 20:31
Юрийдің бұл голы командасының жеңіске жетуіне көмектескен еді.
Қазақстан чемпионатының маусым айындағы үздік голы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының маусым айындағы үздік голының авторын марапаттады.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қызыл-Жар» – «Астана» (18-тур) кездесуінде соғылған Юрий Бушманның нәтижелі соққысы атанды. Бушманның голына 239 (50,85 %) адам дауыс берді.

Аталмыш жүлдені петропавлдық команданың ойыншысына ҚКФЛ спорттық директоры Павел Демян табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×