Қазақстан - Финляндия матчында қызмет ететін төрешілер белгілі болды

12.10.2021, 15:36
Бүгінгі ойында түркиялық қазылар төрелік етеді.
Қазақстан - Финляндия матчында қызмет ететін төрешілер белгілі болды

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия арасындағы ойында түркиялық төрешілер тобы қазылық етеді.

Бас төреші болып Халис Озкахья тағайындалды Оған қос қапталдан Джейхун Сесигүзел мен Али Сайғын Эгел көмектеседі. Тугай Каан Нуманоглу төртінші төреші ретінде жұмыс жасамақ.

VAR-ға Абдулкадир Битиген жауап береді. Ал оған Хюсейин Гечек көмектеседі.

Қазақстан – Финляндия матчы 12 қазан күні «Астана Аренада» өтеді. Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×