Қазақстан-Франция матчының қайда өтетіні белгілі болды

15.01.2021, 01:45
Бұл матч 28 наурызға жоспарланған.
Қазақстан-Франция матчының қайда өтетіні белгілі болды

Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің матчы Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы журналист және инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында хабарлады.

Іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны 28 наурызда өтеді. Қазақстан қазіргі әлем чемпиондарын «Астана Аренада» қабылдауы керек еді. Бірақ жақында жасанды төсеніші ауыстырылған стадион әлі күнге дейін футбол матчын өткізе алмайды.

«Әкімдік пен мердігер арасында әлі күнге дейін келіспеушіліктер бар, және, мәселе бір-екі айда шешіле қоймайды.

Әзірге ресми ақпарат шыққан жоқ. Бірақ бәрі де ұлттық құрамаға матчтарды Алматыдағы Орталық стадионда ойнауға тура келетінін түсінеді. Сірә, матч көрерменсіз өтеді», - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×