Қазақстан - Франция матчының үздік ойыншысы анықталды

29.03.2021, 02:48
Мокин бүгінгі матчта жеті сейв жасады.
Қазақстан - Франция матчының үздік ойыншысы анықталды

«WhoScored» порталы Қазақстан мен Франция (0: 2) арасындағы кездесуге қатысқан ойыншыларға баға берді.

39 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Александр Мокин 8.0 ұпай жинап, матчтың үздік ойыншысы деп танылды. Ол Килиан Мбаппенің пенальтиден жасаған соққысын қайтарды, сондай-ақ 7 сейв жасады.

Алаң иелері сапында екінші орынға қорғаушы Сергей Малый ие болды - 7.0. Тізімдегі үшінші орынды 6,7 ұпай жинаған Асхат Тағыберген мен Ян Вороговский өзара бөлісті.

Француздар сапындағы ең үздік ойыншы 7,8 ұпайға ие болды - Усман Дембеле және оған нәтижелі пас берген Антони Марсьяль. Тома Лемар мен Люка Динь 7,3 ұпаймен бағаланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×