РФ азаматы Рохус Шох өткен жылы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы болып тағайындалды.
РФ азаматы Рохус Шох өткен жылы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы болып тағайындалды.
Ресей футболының атқарушы комитетінің мүшесі болған бұл азамат ел футболына келіп жұмыс істеуінің астарында не бар? Жалпы бұл кісі келгеннен кейін не өзгерді?
Бір жыл ішінде лига жұмыстары жақсаруы тиіс еді. Алайда, Рохус Шохтың жұмысынан еш ілгері жылжу байқалмайды. Керісінше лигадағы дау-дамай көбейіп кетті. Футболшылар мен бапкерлер наразылық танытып, әртүрлі сын пікірлер айтты. Чемпионаттың соңында жасыл алаң сыртындағы интригалар көбейді. Футболдың телекөрсетілімі тоқтатылды. «Қазспорт» арнасындағы эфирлер қайда екені белгісіз, жоғалып кетті.
Рохус Шох Тимур Турловпен кездесіп Қазақстан аумағында құрылып отырған жасөспірімдер лигасына басшы болып сайланып алды. Танымал олигархтың қаржысына жасалатын жаңа жобаға бірден ат салысып, белсенді болуының да себебі түсінікті. Қомақты қаржы жүрген жерге ұмтылып, сол жобадан пайда көруді ғана көздейтіні түсінікті болды. Тек өз пайдасын ойлайтын мұндай маман қазақ футболына жаны ашымайтыны айдан анық. Онда бұл кісінің Қазақстан футболында жұмыс істеуіне өзгелердің де қатысы бар деген сөз ғой. Футбол көрсетілімінің сапасын жақсарту, трибуналарға жанкүйер тарту, төрешілер мәселесін жақсарту жұмыстары қашан шешіледі? Мұндай мәселелер ел футболында жетіп артылады. Ал әзірге бір жыл бойы қызмет кеткен Рохус Шох өз міндетін дұрыс атқарып жатпағанын байқап отырмыз.
2 пікір