Қазақстан Кубогіндегі «Шахтердің» қатысуымен өтетін матчтар кейінге шегерілді

01.08.2021, 00:28
Бұл өзгеріс «кеншілердің» Конференция Лигасындағы ойындарына байланысты орын алды.
Қазақстан Кубогіндегі «Шахтердің» қатысуымен өтетін матчтар кейінге шегерілді

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Қазақстан Кубогінің ойындар кестесінде өзгерістердің болғаны туралы хабарлайды.

«Шахтер» футбол клубының УЕФА Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне қатысуына және аталмыш клубтың турнирдегі қарымта ойынын 2021 жылдың 10 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілуіне байланысты, OLIMPBET-Қазақстан Кубогінің екі кездесуін басқа күндерге ауыстыру туралы шешім қабылданды:

- V тур, «Шахтер» - «Ордабасы» - 2021 жылдың 8 тамызынан 14 тамызға ауыстырылды.

- VI тур, «Қызыл-Жар» - «Шахтер» - 2021 жылдың 15 тамызынан 17 тамызға ауыстырылды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×