Қазақстан Кубогінің ширек финалдық ойындары бір минут үнсіздікпен басталады

18.08.2021, 17:35
Бүгінгі топтық кезеңнің соңғы ойыны да үнсіздікпен басталады.
Қазақстан Кубогінің ширек финалдық ойындары бір минут үнсіздікпен басталады

OLIMPBET-Қазақстан Кубогінің ширек финалдық ойындары Амангелді Сейтхановты еске алумен басталады. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы осындай шешімге келді.

Бүгін, 18 тамыз күні ойналатын «Ордабасы» – БЖМОРСМ 8 арасындағы матчтан бөлек, ширек финалдағы 4 ойын да бір минуттық үнсіздіктен басталады. Қазақ футболының дамуына өз үлесін қосып, талай футболшылардың жалындап өнер көрсетуіне септігін тигізген спорт журналисі, комментатор Амангелді Сейтхановтың мезгілсіз қазасы қазақ футболына ауыр тигені рас.

Сондай-ақ «Қызыл-Жар СК» командасында ойнайтын ұлы Ерасыл Сейтхановқа да арнайы көңіл айтамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×