2021 жылы командалар Қазақстан Кубогіне қатысқаны үшін сыйақы алады, деп жазады Prosports.kz.
ҚКФЛ осы маусымда командаларды қаржылық тұрғыда ынталандыруға баса назар аударып отыр. Енді клубтар кубок үшін ғана емес, сонымен қатар нақты ақша үшін барын салатын болады. Мысалы, Қазақстан Кубогі нақты жүлде қорына ие болды. Сыйақының жалпы жүлде қоры 250 миллион теңгені құрайды.
Олардың көпшілігі турнирдің алғашқы кезеңінде - 1/8 және 1/4 финалда беріледі. Осының арқасында чемпионат көшбасшылары ғана емес, өзге клубтар да қаржы табу мүмкіндігіне ие болады.
Нақтырақ айтқанда:
- Кубоктің 1/8 финалында бақ сынаған 16 команданың әрқайсысы 5 миллион теңгеден алады (бұл кезеңде 5х16=80 миллион теңге ойнатылады);
- 1/4 финалға шыққаны үшін сыйақы екі есеге артады (10х8 клуб=80 миллион теңге);
- жартылай финалға жолдама алған әр команда тағы да 10 миллион табады;
- ал ақтық сынға өткен командалар 15 миллионнан алады;
- турнир жеңімпазы Кубоктен бөлек 20 миллион теңге сыйақы алады.
Біздің серіктес: FONBET