Тұңғыш рет Қазақстан Кубыгының финалы Ақтөбеде өтеді!
Бүгін Астанада Кәсіпқой футбол лигасының кеңесі өтті. Отырыста біршама маңызды шешімдер қабылданды.
Клубтар-ҚКФЛ мүшелері мынадай шешімге келді: - УЕФА-ның балалар-жасөспірімдер футболына бөлетін қаражатын жұмсаудың тәртібі түзілді. - Клубтардың келісімі бойынша белгілі бір сыйақыға командаға 9-шы және 10-шы шетелдік ойыншыны өз еркімен қосуға рұқсат берілді. Сонымен қатар, алаңдағы "қазақстандық емес" ойыншылардың саны өзгеріссіз қала бермек. Олардың саны бұрынғысынша алтау. - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы мен Қазақстан кубогы ойындарын тікелей эфирде көрсету үшін "Қазақстан" ұлттық телеарнасымен келісімге келу мақұлданды. "Қазақстан" телеарнасы бір турдың кемінде 2 ойынын көрсетуі тиіс, жылына кем дегенде 70 ойынды көрсетуі тиіс. - Ақтөбе қаласының Орталық стадионы Қазақстан Кубогының финалын өткізетін орын етіп белгіленді. Сонымен қатар, күнтізбеде өзгеріске ұшырап жатса, финалдық ойын қараша айына ысырылатын болады, сол жағдайда Ақтөбе қаласы аталған матчты қабылдауға мүмкіншілігі болмаса, ҚКФЛ әкімшілігі Кубок финалының орнын өзі тағайындауға құқылы.
Ерік Ерсін