Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу болмайды

07.12.2019, 00:50
Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу болмайды

Естеріңізге сала кетейік, көршілес екі елдің құрамасы 2020 жылы көктемде жолдастық кездесуі мүмкін. Федерациялар келіссөздер жүргізіп жатыр деген ақпарат шыққан еді.

Санаулы сәттер бұрын белгілі болғандай ҚФФ мен Өзбекстан футбол федерациясы арасындағы келіссөздер сәтсіз аяқталып, матч өтпейтін болды деп хабарлайды Kozhakhmet_inside. Әзірге жолдастық кездесудің неге өтпейтіні туралы нақты себеп айтылған жоқ.

Айта кетейік, матч наурыз айында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткі мүмкін деп айтылған. Екі құрама соңғы рет 12 жыл бұрын Шымкентте 1:1 ойнаған. Жалпы екі ел арасындағы 6 ойынның 2-еуі ала шапанды ағайынның, біреуі біздің пайдамызға аяқталған. қалған 3 матчта тең есеп тіркелген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×