ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ?

08.01.2016, 06:13
ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ?
Халықаралық футбол тарихы мен статистика ұйымы (IFFHS) әлемдегі үздік чемпионаттардың тізімін жариялады. 2014 жылы 38-орында болған Қазақстан премьер-лигасы биыл екі саты төмендеді. Қазір Қазақстан чемпионаты 40-орында тұр. Біздің алдымызда — Сербия, Египет, Словения, Әзербайжан, Швеция. Алты жыл қатарынан Испания Примерасы әлемдегі ең үздік чемпионат ретінде танылып отыр. Ал Англия чемпионаты үшінші орыннан жетінші орынға сырғыды. Ұйым мұның себебін Англия клубтарының Еуропадағы жарыстарда жетістікке жете алмауымен байланыстырады. 1 (1). Испания — 1262,00 2 (2). Италия — 1177,00 3 (5). Германия — 1044,00 4 (4). Аргентина — 990,00 5 (7). Франция — 914,00 6 (6). Бразилия — 899,00 7 (3). Англия — 887,00 8 (8). Португалия — 726,50 9 (11). Бельгия — 725,50 10 (12). Ресей — 715,00aaaaaaaaaaa
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×