Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын «Астана-Аренада» қабылдайды

16.01.2021, 02:17
Күні кеше бұл матч Алматыда өтуі мүмкін деген ақпарат шыққан еді.
Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын «Астана-Аренада» қабылдайды

Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар департаментінің директоры Игорь Авдеев Vesti.kz сайтына берген сұқбатында 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан - Франция матчының өтетін жері туралы түсініктеме берді. Бұған дейін ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді деген ақпарат болған еді.

«Жақында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы матч Алматыда өтеді деген хабар шындыққа жанаспайды, Қазақстан футбол федерациясы бұл ойынды «Астана Аренада» өтеді деп жоспарлауда.

Жақында осы стадионның жаңа төсеніші ФИФА профильдік зертханасында осындай деңгейдегі матчтарды өткізуге жарамды деп танылды. Сондықтан мен Қазақстан құрамасының еліміздің астанасында әлем чемпиондарымен ойнауға ниетті екенін растай аламын, өйткені бұл ойын жоғары мәртебеге ие», - деді Игорь Геннадьевич.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойыны 28 наурызға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×