Қазақстан құрамасы бұған дейін Тәжікстаннан жеңіліп көрмепті

16.11.2021, 20:50
Қос команда бұған дейін төрт мәрте шеберлік байқасқан екен.
Қазақстан құрамасы бұған дейін Тәжікстаннан жеңіліп көрмепті

Бүгін елордада Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді.

Бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары төрт рет кездескен, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі. Алғашқы ойын Ташкенттегі Өзбекстанның тәуелсіздігі кубогі деп аталатын халықаралық турнир аясында өтті. Ол кезде Қазақстан минималды есеппен жеңіске жеткен.

Келесі үш кездесудің барлығы жолдастық матч ретінде Алматыда өтті. Қазақстандықтар екі рет жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы кездесулер:

1) 11.04.1994 ж. Ташкент (Өзбекстан). Тәжікстан – Қазақстан – 0:1;

2) 02.07.2006 ж. Алматы. Жолдастық матч. Қазақстан – Тәжікстан – 4:1;

3) 09.08.2007 ж. Алматы. Жолдастық матч. Қазақстан – Тәжікстан – 1:1;

4) 12.08.2014 ж. Алматы. Жолдастық матч. Қазақстан – Тәжікстан – 2:1.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×