Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта Франциямен кездесті. Аталмыш ойын Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтіп, 8:0 есебімен аяқталды.
Алаң иелері матч бастала салысымен Килиан Мбаппенің арқасында жылдам гол соғып алды. 12-минутта дәл осы ПСЖ шабуылшысы есепті еселеді. Ал 20 минуттан кейін Мбаппе баспен гол соғып, хет-трик авторы атанды. Екінші таймда Карим Бензема Тео Эрнандес пен Килианның пасынан кейін дубль рәсімдеді. 75-минутта Антуан Гризманның бұрыштамадан асырған пасын Адриан Рабьо өз пайдасына жаратып, Франция құрамасындағы дебюттік голын соқты. 84-минутта Гризманн пенальтиді сәтті орындады. Ал үш минуттан кейін Мбаппе покер жасап, кездесудің нүктесін қойды.
Осылайша, Талғат Байсуфинов шәкірттері іріктеу кезеңін тәмамдады. Сегіз ойында үш ұпай жинаған Қазақстан құрамасы Д тобында ең соңғы орынға ие болды.
Біздің серіктес: FONBET