Қазақстан құрамасы Франциямен болатын матч алдында шығынға ұшырады

13.11.2021, 19:14
Талғат Байсуфинов кешегі баспасөз мәслихатында жаңадан шақыртылған және жас ойыншыларға мүмкіндік беретінін айтты
Қазақстан құрамасы Франциямен болатын матч алдында шығынға ұшырады

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Францияға қарсы өтетін ойын алдында шығынға ұшырады, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі Eurosport сайтына сілтеме жасап.

Дисквалификацияланған қорғаушы Ян Вороговский мен мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтен бөлек, бірқатар жарақат алған ойыншылар бар.

Олардың ішінде Георгий Жуков, Рамазан Оразов, Азат Нұрғалиев, Юрий Логвиненко және Сергей Малый секілді ойыншылар әлем чемпиондарына қарсы ойнай алмайды. Бұл туралы матч алдындағы баспасөз мәслихатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов мәлімдеді.

Сондай-ақ Абзал Бейсебеков те ойыналды жаттығу кезенде жарақат алып қалған екен. Оның да бүгінгі матчқа қатысуы екіталай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×