Қазақстан құрамасы Иранмен болған матчта камбэк жасап, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

28.09.2021, 05:40
Кака шәкірттері 2 гол жібергеніне қарамастан, керемет мінез көрсетіп, жеңісті жұлып әкетті.
Қазақстан құрамасы Иранмен болған матчта камбэк жасап, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Ширек финалда Рикардо Кака шәкірттері Иранмен ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймның қорытындысы бойынша Қазақстан 0:2 есебімен ұтылып жатты. Команда 8 және 15-ші минуттарда гол жіберіп алды. Мослем Оладгобад пен Ахмад Эсмаэльпур ерекшеленді.

Бірақ кездесудің 25-минутында Иран қақпашысы Алиреза Самими Дәурен Тұрсағұловтың соққысынан кейін өз қақпасына гол соғып алды. Ал 29-минутта қазақстандық шабуылшы Арнольд Кнауб есепті теңестірді. 39-минутта Тайнан жеңіс голын соқты.

Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан Португалиямен ойнайды, матч 30 қыркүйек күні өтеді. Екінші жартылай финалдық кездесуде Бразилия мен Аргентина күш сынасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×