Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

04.01.2022, 19:24
Жақында ұлттық құрамаға шақыртылған ойыншылардың тізімі жарияланады.
Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиындарын бастады.

Кеше команда қонақүйге жайғасты, ал бүгін, 4 қаңтарда оқу-жаттығу процесін бастамақ.

Жақын арада футзалдан ЕУРО-2022-ге дайындық үшін Қазақстан құрамасына шақыртылған ойыншылардың тізімі белгілі болады.

Бұған дейін Дәурен Нұрғожиннің жарақатына байланысты турнирге қатыса алмайтынын хабарлаған едік. Желтоқсандағы Чемпиондар лигасының матчында жарақат алған Дәурен Тұрсағұловтың да бұл тізімге енуі екіталай.

19 қаңтарда Еуропа чемпионаты басталады. Рикардо Кака шәкірттері В тобында Италия, Словения және Финляндиямен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×