Қазақстан құрамасы ҚПЛ легионерлерінен басым түсті

14.02.2022, 05:18
Талғат Маруаұлы бұл жолы жаңа әрі жас ойыншыларға мүмкіндік берді.
Қазақстан құрамасы ҚПЛ легионерлерінен басым түсті

Қазақстан құрамасы Түркияда өткен жолдастық кездесуде легионерлер командасын 2:1 есебімен ұтты.

Ойынның 5-минутында Асхат Тағыберген қарсыластың қателігін ұтымды пайдаланып, командасын алға шығарды. 21-минутта Оралхан Өміртаев жақын бұрышты дәл көздеп, есепті еселеді. Ал қарсылас бұған 60-минутта Кирилл Сидоренконың әдемі голымен жауап қатты.

Қазақстан: Мұхамеджан Сейсен (қ) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов, Александр Марочкин, Әділбек Жұмаханов, Бағдат Қайыров – Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков (Қ), Арман Кеңесов – Оралхан Өміртаев, Абылайхан Жұмабек;

Қосалқы құрам: Бекхан Шайзада (қ) – Сергей Малый, Дінмұхамед Қашкен, Сағадат Тұрсынбай, Мақсат Тәйкенов, Әлібек Қасым, Нұрлан Дайыров – Исламбек Қуат, Эльхан Астанов – Станислав Басманов, Абат Айымбетов;

Бас бапкер: Талғат Байсуфинов.

Легионерлер құрамасы: Марко Милошевич (қ) – Евгений Козлов, Али Гаджибеков (к), Тарас Бондаренко, Бруно – Сергей Тихоновский, Рати Арзадашвили, Шафик Тигруджа – Эйдер Коста, Симонас Урбис, Рафаэль Оливейра;

Қосалқы құрам: Сергей Литовченко (қ) – Ислам Жилов, Пламен Димов, Владимир Гинятис – Тодор Петрович, Паро Юсуф, Никита Маляров, Анатолий Катрич, Расамбек Ахматов – Кирилл Сидоренко, Корома;

Бас бапкер: Андрей Карпович.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×