Қазақстан құрамасына тағы екі футболшы шақырту алды

10.11.2021, 14:51
Жарақат алған Георгий Жуковтың орнын «Каспий» футболшысы басады.
Қазақстан құрамасына тағы екі футболшы шақырту алды

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өзгерістер орын алды.

Жарақат алған Георгий Жуковтың орнына "Каспий" клубының капитаны Аслан Дарабаев алынды. Сонымен қатар "Тараз" клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана да шақыртылды. Ал Әлібек Қасым құрамаға енді келді. Ол дер кезінде ұшып келе алмапты.

Еске салайық, күні кеше Георгий Жуковтың жарақатына байланысты екі апта бойы алаңға шыға алмайтыны хабарланған еді.

Қазақстан құрамасы 13 қарашада Париждегі "Парк де Пренс" стадионында Франция құрамасымен ойнайды. Ал үш күннен кейін "Астана Аренада" Тәжікстан құрамасын қабылдамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×