Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды.
Оның кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.
Магомед Адиев бірнеше танымал футбол клубтарда ойнады: «Анжи», «ЦСКА», «Спартак», «Терек» және қазақстандық «Жеңіс».
Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, «Ахмат», «Анжи», «Чайка» командаларын жаттықтырды.
2021 жылы қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар қарағандылық ұжымды Қазақстан Кубогының финалына шығарды.
Біздің серіктес: FONBET