Қазақстан құрамасына жаңа бапкер тағайындалмақ

27.04.2022, 18:28
ҚФФ басшылығы жаңа бапкермен мәміле жасасты.
Қазақстан құрамасына жаңа бапкер тағайындалмақ

«Шахтер» командасын жаттықтырып жүрген ресейлік маман Магомед Адиев Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалмақ, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы 29 сәуірде ресми хабарлайтын болады.

Адиев қарағандылық «Шахтерден» кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ресейлік бапкер Ақжайықпен өткен ойыннын кейін мәлімдеген еді.

Ресейде Адиев «Анжи», «Ахмат» және «Чайка» клубтарында жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×