Қазақстан құрамасында өзгеріс орын алды

06.11.2021, 20:54
«Тобыл» қорғаушысы алғаш рет ұлттық құрамаға шақыртылды.
Қазақстан құрамасында өзгеріс орын алды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қостанайлық «Тобылдың» 27 жастағы қорғаушысы Бағдат Қайыров алғаш рет Қазақстан құрамасына шақыртылды.

«Тобыл» сапында Қазақстан чемпионы атанған Қайыров Қазақстан құрамасының Франция және Тәжікстанмен болатын кездесулеріне шақырту алды. Бағдат Конференция лигасының топтық кезеңінде «Қарабахқа» қарсы өткен матчта жарақат алған «Қайраттың» қорғаушысы Ян Вороговскийді алмастырады.

Ұлттық құраманың жаттығу жиыны 7 қарашада басталады. 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франциямен болатын соңғы ойын 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні «Парк де Пренс» стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:45-те басталады.

3 күннен кейін Қазақстан Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын «Астана Арена» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×