Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

09.03.2022, 12:47
Оның орнын басатын маманның да есімі белгілі болды.
Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетеді. Оның орнын ресейлік-қазақстандық маман Андрей Карпович басады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бұл ақпарат жақын арада ресми түрде жарияланады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта Карпович өткен маусымның қорытындысы бойынша Конференция лигасына жолдама алған петропавлдық «Қызыл-Жар» командасын жаттықтыруда.

Карпович Қазақстан құрамасына Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен болатын екі ойында жетекшілік ететін болады. Ойындар 24 және 29 наурызда өтеді. Осы кездесулерден кейін Андрей Карповичтің ұлттық құрамадағы болашағы туралы шешім қабылданады.

Айта кетейік, Талғат Байсуфиновтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен екі рет (1:1 және 2:2), сондай-ақ Босния және Герцеговинамен (2:2) тең дәрежеде ойнаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×