Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы Еуропа чемпионатына қатыспауы мүмкін

26.12.2021, 23:19
Бапкерлер штабы ОЖЖ кезінде нақты шешім қабылдамақ.
Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы Еуропа чемпионатына қатыспауы мүмкін

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бірнеше ойыншысы алдағы ЕУРО-2022 турниріне қатыспауы мүмкін.

Тізесін жарақаттап алған Лео (Леонардо Мендонка Да Роса) қатарға қосылды. Оның турнирге қатысу-қатыспауы туралы соңғы шешімді бапкерлер штабы қаңтардағы оқу-жаттығу жиынынан кейін қабылдайды.

Өкінішке орай, Дәурен Нұрғожин жамбасындағы жарақатына байланысты аталмыш додаға қатыса алмайды. Қараша айының басында ойыншыға Италияда ота жасалды. Дәурен алаңға көктемнің басында оралатын болады.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына Дәурен Тұрсағұловсыз баруы мүмкін. «Қайраттың» шабуылшысы Чемпиондар лигасының элиталық раундында «Тюменьге» қарсы ойын (2:3) алдында жарақат алған еді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны 4 қаңтарда басталады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×